03 Қаз 2022
Жаңалықтар

Тұңғыш Президентінің тестілеуі бойынша Бейімбет Майлин ауданының Чемпионаты өтті

Өткен сейсенбі, 2022 ж. 13 қыркүйек Май а. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тестілеуі бойынша Бейімбет Майлин ауданының Чемпионаты өтті.Аталған іс-шараның мақсаты ауданда бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту, ҚР Тұңғыш Президентінің тестілерін және салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың түрлі топтары арасында тестілерді енгізу бойынша жұмысты жандандыру болды.

Чемпионаттың ашылу салтанатында дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Шунгурбаев құттықтау сөз сөйледі.Чемпионатқа 150-ден астам спортшы қатысты. Бейімбет Майлин ауданының ауылдық округтері 11 жас санаты бойынша қатысушыларды таныстырды. Өз жас санатында үздік атанған спортшылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тестілері бойынша облыстық Чемпионатқа қатысады, оны 2022 жылғы 15-18 қыркүйекте Лисаков қаласында өткізу жоспарланып отыр. Әр жас санаты бойынша барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар