06 Желт 2022
Материал

«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы ақпараты

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы ақпараты

 

     «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады.

          «Бейімбет Майлин ауданы  білім бөлімі»  ММ қызметінің негізгі бағыттары мәселелері бойынша  мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады:

- мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

- мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет алу кезінде қажетті жағдайлар жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және дұрыс ақпарат беру;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;

«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімі» ММ бірлесіп, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары (мектеп, балабақшалар, қосымша білім беру) 23 мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

   2022 жылдың  11 ай  ішінде  Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімі» ММ 1937 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде мемлекеттік қызметтердің 15 (0,7%) ЖАО арқылы, ХҚКО- 42 арқылы (2,02%), электрондық үкімет порталы ( бұдан әрі - ЭҮП) – 54 қызмет (2,6 %), ақпараттық жүйелер арқылы 1964 (94,6%) қызмет көрсетілді.

         Бейімбет Майлин ауданы  білім бөлімінде  келушілер үшін қолжетімді ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің ережелері,  жұмыс кестесі орналастырылған.

      Жалпы, 2023 жыл ішіндегі жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар