28 Сәу 2022
Жаңалықтар

ПРЕСС – РЕЛИЗ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ

 

2020 жылғы 25 тамызда өңір баспаларынан оқулықтарды жөнелту процесі аяқталды.

Бүгінгі таңда өңірлердің білім басқармалары мен бөлімдері 1-11 сыныптардың әрбір оқушысын 100% қамтамасыз ету үшін оқулықтар жиынтығының жеткілікті санын сатып алды.

20 шілдеден бастап облыстық білім басқармасымен бекітілген кесте бойынша оқулықтарды беру процесі жүзеге асырылды.

Беру толық көлемде жүзеге асырылды.

Оқулықтармен 100% қамтамасыз етуді үйлестіру үшін процестің барлық қатысушылары үшін жұмыс регламенті әзірленді, ол оқулықтар мен ОӘК тиеу, жеткізу және беру процесін реттеуге мүмкіндік берді.

НАЗАР аударыңыз!

  1. Оқулықтардың және ОӘК электрондық нұсқалары ҚР БҒМ сайтында pdf форматында орналастырылған және жүктеуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/
  2. Оқулықтардың тапшылығы немесе жетіспеушілігі анықталған жағдайда, сіз аудандық білім бөлімінің немесе сіздің облыстық білім басқармасының, Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің нөмірлеріне жүгіне аласыз.
Пайдалы ақпараттық ресурстар