27 Сәу 2022
Жаңалықтар

«Бояулар құпиясы» жас суретшілер республикалық байқауы

2020 жылдың 20 тамыз бен  10 қыркүйек  аралығында «Аймақтық психологиялық қолдау  көрсету және қосымша  білім беру орталығы» КММ  Республикалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының облыстық  деңгейі өтті.

 Байқаудың мақсаты – оқушылардың  көркемдік,  шығармашылық талантын дамытуға мүмкіндік жасау, кәсіби бағытқа жетелеуге баулу.

 Жас суретшілерге   эстетикалық, патриоттық  тәрбие беру, қосымша көркемдік білім беру,  Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру бойынша мәдени жобаларға қатысу мақсатында қосымша білім беру мекемелерінің оқытушыларының көркемдік шығармашылық  деңгейін дамыту секілді міндеттер анықталды.

 Біздің ауданнан байқауға Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Өнер мектебі» КММ оқушылары Екимова Валерия және Бойко Злата қатысты.  Екеуі де жүлделі бірінші және үшінші орын иегерлері атанды. Оқытушы – Савицкая Светлана Викторовна, оқушылар Май ауылдық бейнелеу студиясында білім алады.

12 жастағы Екимова Валерия байқауға  «Скоро байга» атты  майлы бояумен жасалған еңбегімен «Менің Отаным - Қазақстан» номинациясы бойынша бірінші орынға иеленді.

12 жастағы Бойко Злата  «Классикалық живопись» номинациясы бойынша үшінші орынды иеленді. Злата «Озеро в горах» атты еңбегімен қатысты.

Екі талантты оқушыларымыздың еңбектері  әр өңірден қатысатын Республикалық деңгейде өтетін байқауға алынды.

Өз тарапымыздан сәттілік тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар