20 Желт 2021
Жаңалықтар

Роботехникадан «Робофутбол - 2021» жарысы

                 Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында цифрлық технологиялар кабинетінде Бейімбет Майлин ауданының балалар өнер мектебі оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы шеңберінде роботехникадан «Робофутбол - 2021» жарысы өтті.  Жарысты өткізу мақсаты – оқушылар топтарын біріктіру, роботехника жарыстары туралы танымдық мағлұмат беру және жеңіске жетуге талпыну.

         Қиын да, қызықты жарыста 1,2,3 орындарға иеленген  балалар анықталды. Барлық қатысқан оқушылар мектеп басшысы С. Бултаеваның атынан Дипломдармен марапатталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар