20 Желт 2021
Жаңалықтар

«Менің Қазақстаным» атты шығармашылық көрме

          «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Бейімбет Майлин аудандық балалар өнер мектебі Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Менің Қазақстаным» атты шығармашылық көрме ұйымдастырды.

       Көрмеге 6 мен 16 жас аралығындағы оқушылардың 40-тан астам жұмыстары – әртүрлі жанрдағы және бейнелеу техникасындағы суреттер, сондай-ақ шығармашылық қолөнер бұйымдары қойылды. Оқушылар өздерінің сүйікті Отанын бейнелейтін жарқын суреттерін ұсынды. Бұл көрме Қазақстанның керемет табиғатын, әсем ғимараттарын, дәстүрін балалардың көзімен көруге мүмкіндік береді. Сөзбен жеткізбейтін әсерді балалар өнерлері арқылы жеткізуге тырысқан. Біздің сүйікті Отанымыз кең-байтақ, әрбір адам үшін Отан бала кезінен, әкенің туған жерінен, туып-өскен ауылы мен қаласынан басталады. Оқушыларымыздың туған жер туралы өзіндік түсініктері бар, ол өз шығармаларында көрсетілген. Баланың пәк көзқарасы бізге, үлкендерге, күнделікті күйбең тіршілікте өзіміз байқамай жататын әсемдікті  көрсеткен.

Пайдалы ақпараттық ресурстар