31 Шілде 2023
Жаңалықтар

«Мектепке жол» акциясы басталады

Биыл "Мектепке жол" республикалық акциясы "Жақсылық жаса"ұранымен өткізілуде.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акция шеңберінде демеушілерді, әлеуметтік әріптестерді, мемлекеттік құрылымдарды қайырымдылық көмек көрсетуге тарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін "жедел желілер", "Сенім" телефондары 8 (71436) 3-67-54 жұмысы ұйымдастырылды.

Балалардың санаттары да анықталды: 1 санат-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, 2 санат - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтындар, онда жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, 3 санат-жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар, отбасылардан шыққан балалар, 4 санат-Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін, оған мұқтаж қайырымдылық көмек алушылардың тізімдері жасалған. Әр балаға 41 000  мың теңге төленетін болады.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар